Bugin
Есірткі сатқаны үшін қылмыстық іс қозғалған 22 жастағы астаналық Мюнхен қаласындағы босқындар лагерінен табылды.
Күдікті Астанаға ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы және Бас прокуратура көмегімен экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық қудалаудан жасырынған елорда тұрғыны 2021 жылдың сәуір айынан бастап іздеуде болған.
Ұсталған азамат Өзбекстан Республикасына тұрақты рейспен ұшып, сол жерден Қырғызстанға қоныс аударып, Анталия қаласына ұшып кеткен.
Әрі қарай Украина шекарасын заңсыз кесіп өтіп, босқын статусымен ГФР аумағында тұрақтаған.