Weekend

Ұнамайтын жұмысты істеудің пайдасы бар ма?

Қызық дерек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ қоғамында бейресми мәліметтер бойынша университет қабырғасын бітіргендердің 87%-ы өз мамандықтарын ұнатпайды деген мәлімет өткен жылы шыққан болатын. Бұл әрине қоғамымыздың дамуының кері әсері әрі көптеген түлектер алғашқыда мамандыққа түсе салғанымен, 4 курс кезінде ғана өз болашағын ойлап жататыны шындық. Соның кесірінен өз мамандығын ұнатпай өзі қаламайтын жұмыстарға орналасып жатады. Сәйкесінше, өз мамандығымен істемейтіндердің іс-әрекеттері продуктивті бола бермейді. Әрі іштерін пыстырады.

Бірақ өзі қаламайтын жұмысты істеудің де өзіндік пайдасы бар ма? Мысалы, 2009 жылы Оксфорд журналы Лондон қаласының 7524 тұрғынын ұзақ уақыт бойы зерттеп, нәтижесінде іші көп пысатын азаматтар іші көп пыспайтындарға қарағанда 40%-ға артық қаза табу деңгейі артық екенін дәлелдеген. Іші пысатындардың көбісі жүрек-қан тамырларымен ауырған. Сонымен қатар іші көп пысатындар темекі шегу, алкоголь тұтыну сынды әрекеттерге барды.

2014 жылы Ланкашир орталық университеті адамдарды екіге бөліп, біріншісіне іш пыстырарлық жұмыстарды тапсырса, екіншісін іш пыстырарлық жұмыстан босатқан. Нәтижесінде бірінші топтағы азаматтар екіншісіне қарағанда креативті ойлау деңгейлігі артқаны туралы қорытындыға келген болатын. Бұндай нәтиже Пенсильвания университетінің зерттеулерінде де қайталанды. Ол жердегі бақылауға қатысушыларға қызықсыз видеолар көрсетіп, артынша жұмыс тапсыр, анда олар өз міндеттерін мінсіз атқара білді.

Бұдан не көреміз?

Әрбір істеген әрекеттің өз жақсы мен жаман жағы болатыны мәлім. Сондықтан өзіңіз ұнатпайтын жұмыспен айналысқанда өзіңізге керегін алып, арманыңызға жетудегі алғашқы баспалдақ ретінде есептеңіз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61