Bugin

Ақтауда 9 жасар бала бассейнге батып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда 9 жасар бала демалыс орындарының біріндегі бассейнге батып кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы Lada басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 13 шілде күні орын алған. Демалыс орындарының бірінде 9 жасар бала бассейнге батып, көз жұмған.

"102" кезекші пультіне қоңырау сағат 15:12-де түсті. Тергеу-жедел тобы оқиға орнына барды. Бала бассейнге батып кеткен. Оның қасында ата-анасы болған”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомствода бұл факті қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 001-бабы ("Адам өлімі") бойынша тіркелгенін айтты. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.