Bugin
Алматыда 7 жасар Каринаны өлтірді деген күдікке ілінген өгей шешесі екі айға қамауға алынды.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен күдікті Т.-ға қатысты ауыр қылмыс жасады деген айып бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының арызы қанағаттандырылып, сотқа бұлтартпау шарасы қолданылды. 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айыпталушы 2023 жылдың 11 қыркүйегіне дейін қамауда болады.