Bugin

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда қаласы аумағында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды.

Оқиға бүгін, 14 шілде сағат 7:00 шамасында Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат ауылы аумағында болған.

"Шымкент-Самара" тасжолы бойында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі және 3 жолаушысы дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Жолаушылардың біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61