Bugin
Үндістанның солтүстігінде толассыз нөсер мен көшкіннен 145 адам қаза тапты.
Маусым айының соңында Үндістанның солтүстігінде жаңбыр жауып бастады.
8-10 шілде аралығында өңірде Жерорта теңізі аймағынан ылғалды ауа массасының ағынымен муссонды жаңбырдың үйлесуіне байланысты аймаққа нөсер жауды.
Жауын-шашын Дели ұлттық елорда округіне, Химачал-Прадешке, Уттаракхандқа, Пенджабқа, Харьянға, Раджастханға, Джамму мен Кашмирдің одақтас территориясына жауды.
Химачал-Прадеш үкіметінің мәліметі бойынша, 24 маусым мен 13 шілде аралығында 91 адам қаза тапты. 600-ден астам ғимарат толығымен қирап, мыңнан астамы зақымдалды.
Шығын жүздеген миллион долларға бағаланды. Жолдардың шайылуына байланысты бірнеше жүздеген турист эвакуациялануға мәжбүр болды.
Метеорологтар штатта алдағы күндері жаңбыр жауады деп болжап отыр, сонымен қатар көрші Уттаракхандта айтарлықтай жауын-шашын жаууы мүмкін.
Қатты жаңбырдан Дели арқылы өтетін Ямуна өзеніндегі су деңгейі рекордтық көрсеткішке - 208,66 метрге дейін жетті.
Билік 24 мыңға жуық адамды эвакуациялады.