Bugin
Екібастұздағы сауда үйінде ер адам көз жұмды.
Бұл оқиға Екібастұздағы сауда үйлерінің бірінде болды. Сауда үйіне келген адам ауырып, есінен танып қалған. Дәрігерлер келгенше оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырып, оған көмектеспек болды.
"Ол ыстықтан ауырып қалғанға ұқсайды. Өтіп бара жатқандар көмектесуге тырысты, бір адам оның жүрегіне массаж жасады. Қазір сыртта ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп жатыр, дүкенде одан да ыстық. Азық-түлік бөлімшелерінде бірнеше тоңазытқыш бар, содан жылу келеді, кондиционерлер жұмыс істемейді. Мен мұнда сатушылардың күні бойы қалай жұмыс істейтінін түсінбеймін", - деді куәгерлердің бірі.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама сағат 13:41-де түскен. Шақыру бірінші санаттағы дәрігерлер бригадасына берілді. Олар оқиға орнына 10 минутта жеткен. Жедел жәрдем келген кезде 68 жастағы ер адамның көз жұмғаны анықталды.