Bugin
Сарыағашта қыз зорлады деген күдікті мұның алдында адам өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырып келген.
Жібек жолы ауылында кішкентай қызды зорлады және өлтірді деп күдікке ілінген ер адам 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
2016 жылы ол жазасын өтеп болған соң босатылған.
Биылғы мамыр айында денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған.
Сотталушы жәбірленушімен бірге алкоголь ішіп, ауызша жанжалдан кейін оны тұрмыстық балтамен ұрған.
"Сот осы қылмыстық істі қарау барысында кінәні жеңілдететін мән-жайды ескерді. Сондай-ақ жәбірленушінің өзі оны кешіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Үкім шыққан кезде сотталушының соттылығы болған жоқ, өйткені ол заң бойынша өтелген. Кінәні ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Осыны ескере отырып, сот ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша сотталушыны кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығын шектеді. Жаза жәбірленушінің пікірін ескере отырып, аталған баптың санкциясы шегінде тағайындалады»,- делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған ер адам қылмыстық-атқару жүйесі органдарының пробациялық бақылауына берілген.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған болатын.
Кісі қолынан қаза тапқан қыздың әкесі жан айқайын жеткізген еді.