Bugin

Медбикеге акула шабуыл жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Галапагос аралдарында акула америкалық медбикеге шабуыл жасап, аяғынан тістеп алған.

АҚШ-тың 42 жастағы азаматшасы Делайя Ириарте Тынық мұхитында снорклингпен (су асты жүзу түрі) айналысу кезінде келеңсіз оқиғаға тап болды. Соның салдарынан әйел көп қан жоғалтып, ауыр жарақат алды.

"Бастапқыда бұл бір соққы сияқты болды, мен ештеңе түсінбедім. Бұрылып қарағанымда судан қанды көрдім. Мен мұның қандай жарақат екенін бірден аңғардым және көп қан жоғалтатынымды да білдім", - дейді Мексика тумасы жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Ренато Пачеко есімді дәрігер медбикенің жағдайы тұрақты екенін айтты.