Bugin

"Киімсіз денесін көрдім". Түркістан облысындағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

5 жасар қызды аяусыз өлтірген қылмыскердің сыбайластары болған. 

Оқиғаның біраз жайын қыздың ағасы Ерғали Ережепов айтып берді. Оның айтуынша, кішкентай қарындасы аса қатыгездікпен өлтірілген. Баланың денесі көгерген және кесілген. Отбасы ауыр қылмыс жасаған күдіктінің сыбайластары бар дейді.

"Оның денесі көгерген, әсіресе беті көгерген. Оған қоса, пышақ жарақаттары да бар. Оған қатыгездік танытқандар қарындасым айқайламау үшін пышақ сұққан сияқты. Балаға қалай осылай әрекет еткенін әлі түсіне алар емеспін. Біз қатысы барлар қатаң жазаланып, іс әділ тергелгенін қалаймыз", - дейді марқұм қыздың ағасы Ерғали Ережепов.

Оның айтуынша, қарындасы 13 шілдеде, күндізгі бірде жоғалып кеткен. Оның жоғалып кеткенін білген анасы дереу полицияға арыз жазып хабарласқан. Сәбиді іздеуге Жібек жолы ауылының тұрғындары қосылған. Елді дүрліктірген қылмысқа қатысты күдіктіні ауылдастары анықтады. Қыздың денесі күдіктінің үйінен табылған.

"Біз оны бүкіл ауылмен іздедік. Бейнебақылау камераларынан түсірілген жазбаларды қарап, қыздың алысқа бармағанын, үйінен 10 метрдей жерде болғанын байқадық. Сосын күдіктінің үйіне барып, сол жерден оның көйлегін таптық. Бұған дейін үш рет бардық, бірақ ерекше ештеңе таппадық. Үшінші рет оның үйін тінтуді бастадық. Содан бір кезде қораның төбесіндегі шиферді байқадым. Досым екеуміз төбеге шығып, қыздың киімсіз денесін көрдім", - деді Жібек жолы ауылының тұрғыны Ержан Ахметов.

Оқиға орнында тергеу тобы жұмысын жалғастырып жатыр. Полицейлердің мәліметінше, күдікті 48 жастағы рецидивист. Ол бұрын адам өлтіргені үшін сотталып, 10 жыл түрмеде отырған.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған едік.