Bugin

Павлодарда батарейка жұтып қойған қыздың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар қаласында батарейка жұтып қойған үш жасар қызға шұғыл операция жасалды.

Кішкентай қыз жансақтау бөлімінде үш апта жатты. 

Бала облыстық ауруханаға түскенде оған бірнеше диагноз қойылды. Түйме пішіндес батарейка өңешінде тұрып қалған. Одан 2-3 дәрежелі химиялық күйік алған. Пневмомедиастинум болды. Соның салдарынан кеуде, мойын мен бет терісінің астында ауа жиналған.

"Баланың жағдайы өте ауыр болды. Пневмомедиастинумның салдарынан ауа жетпей қалды. Өңеші күйіп қалды, интоксикация басталды", - дейді дәрігерлер.

Үш жасар қыз жан сақтау бөлімінде 16 күн жатты. Сосын хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Ал стационарлық емдеуден кейін үйіне жіберілді.