Bugin

Қызылордада 125 гектар күріштік күйіп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылордада су жетіспеушілігінен күріштік күйіп жатыр. Шаруалар шығынға бататынына алаңдаулы.

Олар облыстық кәсіпкерлер палатасының диалог алаңында мәселенің шешімін іздеді.

"Мамырда су сұрап едік, маусымда берілді. Шілденікін тамызға шегеріп отыр. Каналда су жоқ, егін кеуіп кетті. 125 гектар жердегі күрішті көктей далаға тастадық. Қалғанына да сондай қауіп төніп тұр", - деді Қармақшы ауданындағы "Тұрмағамбет" ЖШС директоры Нұржан Пірмантаев.

Палата директоры Пірмұхаммед Сыздықовтың айтуынша, облыстағы 550-дей ірілі-ұсақты шаруашылық Сыр салысын егумен айналысады. Онда маусымдық және тұрақты жұмысқа тартылғандар саны 9,5 мыңнан көп. Бұл дегеніміз - ауыл халқының 45-50 пайызы.

"Суды үнемдеу үшін басқа дақылдар егу туралы жиі айтылады. Алайда, күрішсіз өңірдің экологиялық ахуалы нашарлайды. Топырақ тұзданып, жарамсыз оазиске айналады. Топырақтың тұздылығын күріш егу арқылы азайтпаса, аса тұзды топырақта басқа дақылдардан өнім алу мүмкіндігі өте төмен", - деді ол.

Ал жауапты мамандар "жағдай бақылауда" деумен шектелді.