Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚытайда 25 баланы натрий нитратымен қасақана уландырған бұрынғы балабақша тәрбиешісі дарға асылды.
"Пэнпай" басылымының хабарлауынша, 2019 жылы наурызда Цзяоцзо қаласындағы балабақшалардың бірінде балалардың тамақтан жаппай улануы тіркелген. Полиция тергеуінен кейін анықталғандай, тәрбиеші Ван Юнь балалардың таңғы асына натрий нитратын қосқан. 25 бала зардап шегіп, олардың бірі 10 ай ем қабылдағаннан кейін көз жұмған.
Оның қылмысқа баруына балабақшадағы әріптестерінің бірімен туындаған жанжал түрткі болған.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ата-аналар бұрынғы тәрбиешінің кешірімін қабылдамаған. Сондай-ақ тергеу барысында тәрбиеші балаларды ойламағанын, әріптесінен кек алмақшы болғанын мойындаған.
Тергеушілердің мәліметінше, әйел 2017 жылы күйеуімен жанжалдасып, оның сусынына натрий нитратын қосқан. Соның кесірінен күйеуі орта деңгейде уланған.
Әйел 13 шілдеде дарға асылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61