Bugin
Алматы зообағы аптаптан жануарлар қалай қорғалатыны көрсетілген қызықты видео жариялады.
"Күн ыстық, қапырық... Көп адамдар зообақтағы жануарлар аптап ыстыққа қалай шыдайды деп сұрақ қояды. Біздегі жануарлардың барлығы қажетті сумен қамтамасыз етілген. Бірақ, хайуанаттар бағына келушілер жануарларға арналған су құятын ыдыстарды байқай бермейді. Мысалы, ягуар, леопард, пума, түлкі, қасқырларға берілетін сулар техникалық аймақта орналастырылған ыдыстарда болады. Ол жердегі суларды жиі ауыстырып тұруға қауіпсіз әрі ыңғайлы. Техникалық аймақтағы сулар таза әрі салқын болып тұрады. Сондықтан, суларды біз негізінен үйшіктерге, көлеңкеге қоямыз", - делінген жазбада.
Борсық, ақ аю, жолбарыстар бассейінде шомылғанды жақсы көреді. Ал, пілдер үшін арнайы сенсорлы душ орнатылғаны айтылды.
Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода шимпанзе балмұздақ жеп отырғаны, піл душқа түсіп жатқаны және арыстандардың үстіне су шашылып жатқаны көрсетілген.