Bugin

Абай облысы тағы да өртке оранды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шықты.

Бүгін Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты қызметкерлерінен Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті.

Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары, нақтырақ айтқанда облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамдарынан 100 адам және 20-дан астам техника жіберілді.

Өртті жедел сөндіруге жәрдемдесу мақсатында оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы келді.

Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің ауданы 20 га құрайды.

Ауа райы: +28 градус, солтүстік-батыс жел 16 м /с.

Өрттің жанында "Шошқала" демалыс аймағы орналасқан. Тұрғындар арасында Төтенше жағдайлар және Полиция департаментінің күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.