Саясат
Леңгірдің тұрғындары нәжіс иісіне тұншығып отыр
"Премьер-министр мен Түркістан облысының әкіміне Леңгірдегі көппәтерлі тұрғын үйдің өткір мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырдым", - деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында.
Белгілі болғандай, Түркістан облысы Леңгір қаласының тұрғындары көп жылдан бері кәріз жүйесінің зардабын тартып келеді. Көп пәтерлі баспананың тұрғындары бір жыл бұрын да жертөлені нәжіс басып кететінін айтып шағымданған көрінеді. Сол кезде аудан басшылығы кәріз жүйесін жөндеуге уәде бергенмен, сол күйі орындамаған, деп хабарлайды 31 арна.
"Шенеуніктердің өздері тұрып көрсін мына үйде", - деп ашынды тұрғындар.
Ал аудан әкімдігі болса, кәріз жүйесінде еш ақау жоқ деп сендіріп отыр. Кәрізді қоқысқа толтырып тастайтын тұрғындардың өздері дейді.
Жалға берілетін 60 пәтерлі тұрғын үйде, негізінен, көпбалалы отбасылар мен мүгедектер тұрады екен.