Bugin

800 гектар орман өртеніп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шарбақты ауданындағы "Ертіс орманы" аумағында болған орман өртін сөндіруге 200-ге жуық жеке құрам мен 50-ден астам техника қатысты.

Жағдайды бағалау және өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару", Қорғаныс министрлігі және "Қазавиаорманқорғау" АҚ-ның төрт тікұшағы жұмылдырылды. 

"Сонымен қатар өрт орнына екі Ми-8 ұшағы келді, біреуі Астанадан, екіншісі Семейден. Астанадан келген ұшақ бес рет су төгіп, ұшып кетті. Семейден келген ұшақ су алайын деп жатқанда кабель үзіліп қалды, жөндеуге тырыстық, бірақ болмады. Бұл борт Семейге өз аумағында жөндеуге ұшып кетті. Өрт орнында қазірдің өзінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жиынтық құрамасы жұмыс істеп жатыр"-  деп хабарлады ведомство.

Өрт болған жерге командалық-диспетчерлік техника құрылды. 

"Шамамен алғанда өрт аумағы 800 гектар болады. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ"- деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Күшті жел салдарынан өрттің тез таралуы өртті сөндіруді қиындата түсуде.

Еске сала кетейік, кеше Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шыққанын хабарлаған едік.