Bugin
Әлеуметтік желіде Парламент Мәжілісінің депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек казинода отырған сурет тарады.
Бұл сурет қоғамда қызу талқыға ұшырады. Кейбіреулер қоғамда орны бар адамның мұндай жерде жүруін құптамаған.
Депутат Facebook-парақшасында осы суретке қатысты пікір білдірді.
"Казинодағы суреттеріме қатысты! Объективті ақпаратқа сенуге және жалған ақпаратқа берілмеуге кеңес беремін. Бұл сурет 7 ай бұрын, Мәжіліс депутаты етіп сайлағанға дейін, дәлірек айтсақ, 2022 жылғы 24 желтоқсанда Қонаев қаласында казинода түсірілді, онда жұбайым екеуміз бір танымал поп-топтың концертіне келдік. Суреттегі фонда шырша тұрғанын байқасаңыз, менің үстімде де қысқы жемпір. Достар, мен ойыншы емеспін, ешқашан казинода ойнаған емеспін және мұны мен бақылап тұрған немесе жұбайыммен тәттімен шай ішіп отырған суреттерден көруге болады", - дейді ол.
Оның сөзінше, мұның бәрі оның депутат ретінде жұмысына кедергі келтіру мақсатында жасалған.