Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСиноптиктер 18-20 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Онымен найзағай, бұршақ және екпінді жел жауады. Қатты жаңбыр 18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-шығысында күтіледі.
"Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклон сілемінің ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. 18-19 шілде күндері түстен кейін республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус қатты ыстық болады деп күтілуде", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61