Bugin
Оралда 2 жасар қыз кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалды.
Оқиға 17 шілдеде түстен кейін М. Жүнісов көшесіндегі 184-үйде болды.
"Сағат 14:20-да 112 пультіне қыз баланың жартылай автоматты кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2021 жылғы қызды арнайы құралдардың көмегімен машина барабанынан шығарып, ата-анасына табыстады. Сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15:00-де аяқталды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
БҚО төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға кішкентай балаларын қараусыз қалдырмау керегін еске салады.