Bugin

Маңғыстауда мал қырылып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін әлеуметтік желіде ұңғымадан шыққан мұнайдың далаға төгіліп, салдарынан маңайдағы төрт түліктің қырылып жатқаны көрсетілген бейнежазба жарияланды.

"Видеодада көрсетілген Маңғыстау ауданы Қарақия ауданының Жетібай ауылының шығыс бөлігіне шамамен 10-15 шақырым жерде орналасқан "Шалба" учаскесіндегі "NSH – P1" ұңғымасынан 2020 жылы төгілген мұнайдың эмульсиясы. Ол ұңғыманың иесі жоқ. Энергетика министрлігі "NSH – P1" ұңғымасын қайта аукционға шығарып, оны "ARK Petroleum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алған. Тағайындалған операторға қатысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен тазалау және рекультивациялау жұмыстары қарастырылуға тиіс", - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, аталған ұңғыма бойынша Экология департаменті бірнеше рет Энергетика министрлігіне, Маңғыстау облыстық прокуратурасына және Полиция департаментіне тиісті хат жолданған.

"Жаңа ұңғыма операторының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты дайындалған уақытқа дейін департаменттің ұсынысымен адам денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында және үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарақия ауданы әкімдігі төгілген мұнай эмульсияларына уақытша қоршау жұмыстары ұйымдастырылған болатын. Сондай-ақ үй жануарының иесі төрт түліктің денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіртпейтін жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті", - деп мәлім етті Экология министрлігі.

Қараусыз қалған ұңғымаға жаңа оператор бекітілгеннен кейін тазалау жұмыстары жүргізіледі. Талаптардың қатаң сақталуын Маңғыстау облыстық Экология департаменті бақылауда ұстайды.

Министрлік мәлімдегендей, қазір оқиға орнында мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мал шығыны әзірге белгісіз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61