Bugin

Атырауда бес полицей күдіктіні мойындату үшін күш қолданған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырауда бес полицей күдіктіні мойындату үшін оны азаптады деп айыпталып жатыр. 

Атырау облысының прокуратурасы азаптады деп айыпталған Атырау қаласы полиция басқармасының бес жедел уәкіліне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. 

"Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-тармағы “Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас, азаптау” бойынша іс қозғалды" делінген хабарламада.

Ақпанда құқық қорғау органдары азамат Р.-ны мойындату үшін рұқсат етілмеген әдістерді қолданып, физикалық және психикалық азап шеккізгені анықталды.

Қазақстанда қаңтар айынан бастап азаптауға байланысты қылмыстарды тек прокуратура органдары тексереді.