Bugin
Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтықтың ең көп таралған түрі – "банктен қоңырау шалу". Интернетте тіркелген 342 алаяқтықтың 109-ы осы схема бойынша жасалады.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, шоттарына біреулер шабуыл жасап жатқанын айтады. Сонымен қатар алаяқтықтан қорғану үшін үлкен көлемде несие алып, белгілі бір "қауіпсіз шотқа" ақша аудару қажет екенін жеткізеді. Осылайша, олар банк шотынан ақшаны заңсыз есептен шығару үшін қажетті құпия мәліметтерді алады.
«Осындай бір жағдай тіркеліп, келтірілген залал 16 миллион теңгеден асты. Халықты алаяқтардан қорғау үшін ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде ақпарат жарияладық", - деп мәлімдеме жасады Криминалдық полиция басқармасы.
Учаске инспекторлары тұрғындарға желілік алаяқтықтан қауіп көп екенін ескертеді.