Bugin

ШҚО-да сегіз күн бұрын із-түссіз жоғалған малшы әлі табылмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты Сартерек ауылдық округі аумағында із-түзсіз жоғалған Жеңіс Қизатулинді іздеуге әкімдік өкілдері, тұрғындар, аудандық төтенше жағдай қызметкерлері біріккен.

Ер адам шілде айының 9-ы күні Қайнар учаскесінде хабарсыз кеткен. Тұрғындардың сөзінше, ол кезде ауа температурасы +38 градусты көрсеткен. Алғашқы күндері 40-қа тарта адам төңіректі тінткен.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Олжас Шәріпбеков 16 шілдедегі ақпаратты ұсынып, іздеу шаралары жалғасып жатқанын жеткізді.