Спорт
Қазіргі келісімшарты 2019 жылдың маусым айының соңына дейін ғана қарастырылған
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Итальяндық қақпашы Джанлуиджи Буффон француздық футбол клубы «Пари Сен-Жермен» клубымен арадағы келісімшартты 2020 жылға дейін ұзартады, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Foot Mercato сайтына сілтеме жасап.
Келісімшарт талаптарына сәйкес, 41 жастағы итальяндық париждің команда сапындағы бір маусымда 8 млн еуро табады. Түрлі бонустарды есептеген кезде бұл сома 10 млн еуроға дейін өсуі мүмкін. Буффонның қазіргі келісімшарты 2019 жылдың маусым айының соңына дейін ғана қарастырылған.
Айта кетейік, Буффон «ПСЖ» клубына 2018 жылдың маусым айында «Ювентус» клубынан ауысқан болатын.