Bugin

Мәсімов терроризмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалардың тізіміне енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалардың тізіміне енді. 

Қаржы мониторингі агенттігі сайтының хабарлауынша, 1 шілдеде тізімге бірқатар тұлғалар қосылды. Олардың қатарында Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары – Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов пен Дәулет Еділұлы Ерғожин бар.

Сонымен қатар 1 шілде жарияланған тізімде басқа да есімдер пайда болды. Олардың қатарында Тәңірбергенов Арман Тәңірбергенұлы және Швецов Алексей Анатольевич бар.