Bugin

Қарағандыда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған ер адам қашып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған түрмеден қашып кетті. 

Полиция таратқан ақпарат бойынша, медициналық мекемеден қашып кеткен. Жасы –  35-те. Батыс Қазақстан облысының тумасы.

Қарағанды облысының барлық полиция гарнизоны оны тік тұрып іздеп жатыр. 

Белгілері: тығыз дене бітімі, бойы 165 см, шашы қара. 

Үстіне ақ түсті футболка, қара түсті жемпір, қара түсті спорттық шалбар, қара кроссовка және қара түсті спорттық кепка киген.

Полиция белгілері бойынша ұқсас адамды байқаған азаматтардан 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрады.