Bugin

"Amanat" партиясының депутаты фермерді соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылындағы депутат Яссауи Мүсілім кәсіпкерді ұрды деп айыпталып жатыр.

Мүсілім жазасыз қалады деп қауіптенген кәсіпкердің жақындарымен Orda.kz тілдесті.

Фермер Мұстапа Әлжанов 46 жаста, Қызылқия ауылында тұрады. 8 шілдеде оны жаңадан сайланған депутат Яссауи Мүсілім қатты соққыға жыққан. Биылғы жылдың наурыз айында ол «Amanat» партиясынан мәслихатқа депутат болып сайланған. Шабуылға Әлжановтың ауыл тұрғындарының көзінше депутатты жамандауы себеп болған. Мүсілім шаруаның басы мен иегін жарақаттаған. Нәтижесінде Әлжановтың екі көзіне де ота жасалып, үшінші отаны күтіп отыр.

«Мандатсыз қалсам да»

Кәсіпкер мен шенеунік арасындағы кикілжіңге не себеп болғанын өз қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жасырғысы келген шаруаның немере інісі айтып берді.

«Ағам Мұстапа Әлжанов былтырдан бері ауылда шаруа қожалығын жалға алып келеді. Жаз басталысымен ауыл тұрғындары жағымсыз иіске шағымдана бастады. Барлық арыз-шағымдарды тыңдаған Әлжанов малының бір бөлігін жартастағы жайлауға өткізген. Бірақ осы тұқымдас мал тасты жерлерде өмір сүруге бейімделмегендіктен ауырып қалған. Малды жоғалтып алмау үшін ағамыз ауылдастарынан кешірім сұрап, қайтадан шаруашылыққа өткізуді ұйғарады. Сондай-ақ 2 айдан кейін фермадан кетемін деп уәде берді. Бұл жағдайға ауыл тұрғындарының көңілі толғандай көрінгенімен, кейін шағымдар Қызылқияның әкімі мен орынбасарына дейін жеткені белгілі болды».

Әңгімені жалғастырған Әлжановтың немере інісі диқанға ауыл әкімі Біржан Мақсұтов пен депутат Яссауи Мүсілім келгенін айтады. Сосын кәсіпкердің сөзін тыңдаған олар дауды шешу үшін шара қолданатындықтарын айтқан.

«Бірақ кейін депутат пен әкім жанжалды екеуара шешудің орнына ауыл тұрғындарын Мұстапа Әлжановқа қарсы қойғаны белгілі болды. Бұл туралы оған WhatsApp чатында отырған әйелдердің бірі хабарлап, шенеуніктер ауыл тұрғындарына Әлжановтың үстінен жоғары тұрған органдарға арыз жазуды тапсырған. Мұндай арандатушылыққа не себеп болғаны белгісіз», – дейді Әлжановтың туысы.

Ренжіген фермер шенеуніктердің екіжүзділігін ауыл тұрғындарына айтып береді. Зардап шегушінің немере інісінің айтуынша, депутаттың реакциясы көп күттірмеген.

«Келесі күні депутат Яссауи Мүсілім әкімдік ғимаратының жанынан өтіп бара жатқан Әлжановты тоқтатып, оған жала жапты. Сосын «мандатсыз қалсам да» деген сөзбен көлікте отырған ағамды ұрып жібереді. Депутат соққысына төтеп беруге тырысқан Әлжанов көліктен түсіп, одан кейін де жағынан, басынан және бетінен бірнеше рет соққы алған. Сөйтіп ол есін жоғалтқан», – деп еске алды ол.

Шабуылдан кейін кәсіпкер депутаттың үстінен арыз жазып, жақын арада сот-медициналық сараптамадан өтеді. Қазір ол көзіне жасалған операциядан кейін ауруханада Түркістанда жақ сүйегіне ем алуды күтуде. Өйткені, аудандық емхана жергілікті дәрігерлердің мұндай күрделі ота жасамайтынын айтқан.

Мұстапа Әлжанов пен оның туыстары Мүсілімнің қызметіне байланысты полиция ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғамауы мүмкін деп қауіптенеді.

Әлжановтың немере інісі: «Мүсілім әлі шенеунік болмаған кезде оның әкесі Мүсілім Тұранов Қазығұрт ауданынан мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған депутат болатын.

Оrda.kz тілшісі Яссауи Мүсілімге хабарласып, оқиғаға қатысты оның ойын білді. Алайда депутат бұл оқиғаға байланысты телефон арқылы түсінік беруден үзілді-кесілді бас тартып, Қызылқия ауылында журналистпен жеке кездесуді қалайтынын айтты.

Әкем өзін Интерполдың генерал-майоры деп таныстырды

Өткен жылы ғана Мүсілім Тұранов ерекше жанжалдың ортасында болды. Ол өздерін мемлекеттік орган басшыларының сенімді өкілі ретінде көрсетіп, азаматтарды адастырған топ мүшесі болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет есебінде олардың түрлі мәселелерді шешу үшін азаматтарды пара беруге итермелеу арқылы олардың ақшасын жымқырғаны да айтылған.

Қазығұрт өңірінің экс-депутатынан Халықаралық полиция орталығының (Interpol Center UN) генерал-майорының жеке куәлігі тәркіленді.

«Қылмыстық іс бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталған тұлғалардың басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі бір жыл бұрын.

Істің қалай жүріп жатқаны және депутаттың әкесі қазір қайда екені туралы мәлімет табу мүмкін болмады.

 

Материал Orda.kz сайтынан алынды