Bugin

Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан калонияда қақтығыс болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колониядағы қақтығыс кезінде төрт адам зардап шекті. 

Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Осы жылдың 14 шілдесінде ШҚО бойынша ҚАЖД-ның № 22 мекемесінде әкімшілік қызметкерлері тұрмыстық негізде кенеттен туындаған жанжалды жағдайдың жолын кесті. Оқиға ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Жедел-тергеу тобы шақырылған. Қызметтік тергеу жүргізілуде. Жанжал барысында 4 сотталушы жеңіл жарақат алды, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жанжалға кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тәртіптік изоляторға қамалды.