Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАстанада әйелін тірідей өртеп жіберген ер адам балаларынан кешірім сұраған.
Бүгінде ол Семейде аралас режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.
Жантүршігерлік оқиға 2015 жылы болған еді. Сол жылдың мамыр айында ер адам мектептің маңында әйелін аңдыған. Бұрынғы әйелімен ұрсысып қалғаннан кейін оған бензин төгіп, өртеп жіберген. Әйел адам алған жарақаттардан қайтыс болды. Марқұм әйелдің полицияға жазған бұрынғы арызында күйеуі өзі мен үлкен ұлын өлтірем деп үнемі қорқытатыны айтылған.
Ер адам қылмысты жасағаннан кейін қашып кеткен. Алайда ол бірнеше айдан соң ағасының үйіндегі жертөледен табылған еді. Ер адам сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Төрт баланы асырауды марқұм әйелдің анасы өз мойнына алған.
"Ер адаммен кездесуге ағасы мен әкесі келіп тұрады. Бәрін сол кісілерден біліп отырмыз. Жанындағы психологтарға да жағдайын айтады. Бірақ психологтар бізге бәрін айта алмайды. Алайда мекеменің психолог мамандары сотталушымен көп жұмыс істеген. Қазіргі жағдайы жақсы. Бұрынғыдай емес, жұмыс істеп, есін жинай бастады", - дейді Абай облыстық колонияның баспасөз қызметінің өкілі Жанар Смағұлова.
Ол сотталушының псхологиялық жай-күйінің өзгеруі оның жазасын өтеу мерзіміне әсер етпейтінін айтады.
"18 жылға сотталды. Оның 8 жылы өтті. Қалған 10 жылы қысқармайды. Ол кісі мекеменің ішіндегі шараларға қатыса бастады", - дейді ведомство өкілі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61