Bugin

Астанада із-түзсіз жоғалған ер адамға қатысты жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астаналық тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ол психикалық ауруға шалдыққан. Жоғалған ер адамның туыстары оның 2020 жылғы қазанда хабар-ошарсыз кеткенін айтты.

Полиция қызметкерлері оның баспанасыз қалғандардың арасында болуы мүмкін екенін айтты.

"Мәлімет бойынша, ол Астанада тұрақты, тұрғылықты жері жоқ адамдармен бірге болуы мүмкін. Қазір іздестіріп жатырмыз, - деп нақтылады Астана қаласы ПД өкілдері. 

Жоғалған адамның белгілері: бойы 182 сантиметр, орта денелі, шашы мен көзі қара.

"Назарды көргендер немесе оның жүрген жері туралы мәлімет білетіндер болса, туыстары мен тәртіп сақшылары мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: +77013096363 немесе 102", - делінген хабарламада.