Bugin

Балабақша тәрбиешісі баланың бұғанасын сындырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанайда №61 балабақша тәрбиешісіне үкім шықты. Ол орындықта отырған баланы тартып қалып, бұғанасын сындырған.

№2 Қостанай қалалық сотында №61 балабақша тәрбиешісі Айсұлу Деріпсәліге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшін (ҚК 141-бабы 1-бөлігі) сот алдында жауап берді.

"2022 жылдың 28 маусымында Д. "Көбелек" тобының ойын залында тәрбие сабағын өткізу орындықта отырған тәрбиеленуші М.-ге ескерту жасаған, бірақ ол тыңдамаған. Тәрбиеші бала отырған орындықты жұлқып, оны өзіне тартқан. Салдарынан бала орындықтан құлап, жарақат алды. Оның сол жақ бағанасы жабық күйде сынған», - деді облыстық сотта.

Сот отырысында прокурор 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын сұрады.

Зардап шегуші – баланың әкесі мемлекеттік айыптаушының ұстанымын толық қолдады. Сотталушы кінәсін мойындап, өкінді.

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні толық мойындауын және өкінгенін есепке алды.