Спорт
Моуриньо кезінде жағдай басқаша болған тәрізді
«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погба Уле Гуннар Сульшерді команданың бас бапкері етіп тағайындағанына риза секілді.26 жастағы ойыншының пікірі бойынша, норвегиялық бапкердің келуінен кейін, клубтың жағдайы біраз оңалды.
«Сульшер команданың ойыншыларына еркіндікті қайтарды, бұл жақсы. Біздің нәтижелеріміз өте жақсы», – деген Погбаның сөздерін Sky Sports жеткізеді.
Француз Моуриньомен жиі ұрсысатын еді. Ал Сульшер болса оны команданың негізгі ойыншыларының бірі етіп қойды.