Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАстаналық тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейіннен оның психикалық ауруға шалдыққан екені анықталды. Жоғалған ер адамның туыстары оның 2020 жылғы қазанда хабар-ошарсыз кеткенін айтты.
Полиция қызметкерлері оның баспанасыз қалғандардың арасында болуы мүмкін екенін хабарлады.
"Ол психиатриялық бақылауда. Кейінгі мәлімет бойынша, ол Астанада тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдармен бірге болуы мүмкін. Қазір іздестіріп жатырмыз, - деп нақтылады Астана қаласы ПД өкілдері.
Жоғалған адамның белгілері: бойы 182 сантиметр, орта денелі, шашы мен көзі қара.
"Назарды көргендер немесе оның жүрген жері туралы мәлімет білетіндер болса, туыстары мен тәртіп сақшылары мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: +77013096363 немесе 102", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61