Bugin

Қызыл жанып тұрғанда жол ортасында билеген блогер қыз жазаланады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны тауып алды.

Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда блогер қыз қиылысқа тоқтаған көліктен шығып, билей бастаған.

"Шоуды" қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен.

40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді.

Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді.

Патруль полиция полкінің инспекторлары қыздың кім екенін анықтады. Ол - Қызылорда облысының тұрғыны.

Азаматша ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.