Bugin

"5 жасар қыздың өлімі": Күдіктіге жеңіл үкім шығарған сот төрағасы қызметінен қуылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрғазы Шетенов кішкентай қызды өлтірген күдіктіге заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметінен босатылады. 

"Жоғарғы сот үстіміздегі жылдың мамыр айында бес жасар қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды", - деді Жоғарғы сот.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін 5 жасар қыздың өлі денесі табылғаны жайлы жазған едік.