Bugin

Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан 1 адам қаза тапты.

Оқиға 18 шілдеде сағат 18:20 шамасында болған. Жүргізуші рөлді басқара алмаған. Салдарынан көлік жол жиегіндегі темірдің ортасына кіріп кеткен.

Алматы облысы ПД қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"26 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 109 шақырымында келе жатып, рөлді басқара алмай, жол жиегіндегі темірге соғылған. Бұл дерек Конаев атындағы ПБ-де Қылымыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Жол апаты салдарынан жүргізуші жансақтау бөлімінде алған жарақаттарынан қаза тауып, екі жолаушы зардап шекті. Екі жолаушы да Қонаевтағы ауруханаға жатқызылды.

Желі қолданушыларының айтуынша, қаза тапқан жүргізуші жаттықтырушы болған. 

"Баламның футболдан жаттықтырушысы қаза тапты. 97 жылғы еді, жүргізуші көлік айдап ұйықтап кетіпті. Иманды болсын", "Ұйқы қысса ұйықтап алған дұрыс жолда, мәңгі ұйқыға кеткенше", "Жолда бара жатқан кезде көп жерде бейіт бар, сол жерлерде асықпай қол жайып, бар білгенін оқып өту керек, көп жерде байқаймын бейіттің жанынан басып айдайды", - деп жазған пікір қалдырғандардың бірі.