Bugin

Алматылық азамат екі қызын зорлады деп айыпталуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда ер адам қыздарына бірнеше рет зорлық-зомбылық жасады деп айыпталуда. Үлкені алғаш рет 2015 жылы, кішісі 2020 жылы жыныстық азғындыққа ұшырағанын айтты.

Мұны "Немолчи.кз" қоры мәлімдеді.

"Алғаш рет әкесі 2009 жылғы кіші қызын 2020 жылы 21 қыркүйекте зорлаған. Осыдан кейін ол мұндай әрекетін тағы бірнеше рет іске асырды. 2003 жылғы қызына 12 жасынан бастап құрбан болып келді", – деп жазды қор.

Кіші қыз зәбір көргеннен кейін үйден қашқан.

Анасы болған жайттарды полиция бөлімінде ғана білген.

Қор атап өткендей, ата-анасы болмаған кезде полиция қызметкерлері кіші қыздан сараптамаға алып барды.

"Қыздардың әкесі 21.01.2023 жылы ұсталды, бірақ сараптама нәтижелерін алу үшін тергеу изоляторында емес, консперативті пәтерде болған. Бір айдан кейін босатылды. Полиция қыздар бәрін ойдан шығарды деп санап, істі жауып тастады", – деп хабарлайды "Немолчи".

Бұл факт бойынша Алматы полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстық істі тергеп жатыр.

Алматы ПД нақтылағандай, қылмыстық істі Алатау аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі "Зорлау", 124-бабы 2-бабы "Кәмелетке толмағандарды азғындау" бойынша бірден тіркеп, тергеп жатыр.

"Қазіргі уақытта  жан-жақтылық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкес жедел және тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Сонымен қатар, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды", – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.