Bugin

Піскен әрі шырынды қарбызды қалай дұрыс таңдау керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Піскен әрі шырынды қарбызды қалай дұрыс таңдау керектігі туралы ИноСМИ порталы жазды.

Ең алдымен қарбыздың "құйрығына" қарау керек.

"Бұл өте маңызды сәт. Оны ажыратуды үйреніп алсаңыз, дәмді қарбызды оңай таңдап аласыз. Сонымен, түзу құйрық – "ұл" қарбыз, оның тұқымы көбірек және анағұрлым сулы болады. Қарбыздың "қыз" екенін білдіретін иілген және кеуіп қалған "құйрықты" іздеңіз, мұндай жеміс тәтті және шырынды болады", - дейді мамандар.

Екінші әдіс – қарбыздың "кіндігіне" қараңыз: ол неғұрлым үлкен болса, соғұрлым қабығы жұқа, дәмді болады.

Үшінші амал – жидекті екі рет шертіп көріңіз: егер қатты дыбыс шықса, онда ішінде шырын мен жұмсақ жері көп деген сөз, ал керісінше болса, онда қарбыз піспеген немесе сулы.

 

Дереккөз: Спутник Қазақстан