Bugin
Алматыда донорлық жүректің алғашқы трансплантациясы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жасалды.
Ұзақтығы 6 сағаттан асқан күрделі отаны еліміздің жетекші кардиохирургы Юрий Пян Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықпен бірлесіп жасады.
"Алматыда жүректі алғашқы алмастыру Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық мамандарының қолдауы мен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ командасының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды", - деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимов.
Отаға келісім берген адамдардың да жеке мәліметтерін беріп өтті.
"Алматының 53 жастағы тұрғыны органдар доноры болды, ол екінші рет мидың өліміне әкеп соқтырған ишемиялық инсультқа шалдыққан. 2023 жылғы 13 шілдеде туыстарының келісімінің арқасында 13 жасынан бері жүректің күрделі ауруынан (қақпаншалық кардиомиопатия) зардап шегіп жүрген 23 жастағы жігіттің өмірін сақтап қалдық", - деді кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.
Марқұмның туыстарының шешімінің арқасында жас жігіт өмір сүруге мүмкіндік алды.