Bugin

Ақтөбелік тұрғын донер ішіне телефон жасырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбе тұрғыны тергеу изоляторында отырған досына телефон жеткізбек болды. Ол байланыс құралын донер ішіне жасырған.

Ақтөбедегі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 мекемесінде сәлемдемелерді тексеру кезінде ұялы телефон тәркіленді. Телефон мен SIM карта донер ішінен шықты.

"Ақтөбелік кінәсін толық мойындады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды", - дейді №70 мекемесінің бастығы Аман Құлмұхамбетов.

Оның айтуынша, тыйым салынған заттарды Қылмыстық кодекстің "Бопсалау" бабы бойынша күдікке іліккен досына жеткізбек болған.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратованың айтуынша, тергеу изоляторы режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру барысында биыл 19 телефон тәркіленген болса, өткен 2022 жылы 21 телефон алынған.