МӘДЕНИЕТ

Уақыт көрінісі: Әлемдегі ең алғашқы фотосуреттің тарихы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғасырлар бойы адамдар өмірінің әр сәтін болашақта қайталап көруді армандаған. Осылайша ғалымдар мен зерттеушілер әлемді қозғалмайтын бетке түсіретін құрылғы ойлап тапты. Осылайша 1826 жылы фотография тарихындағы ең маңызды жаңалықтардың бірі - әлемдегі алғашқы фотосурет дүниеге келді.

Алғашқы фотосуреттің тарихы көрнекті француз суретшісі және өнертапқышы Джозеф Нисефор Ньепседен басталады. Ньепсе сол кездері литография деп аталатын басып шығару әдісін жақсартуға бірнеше рет әрекет жасаған.  Соның нәтижесінде гелиография деп аталатын фотографиялық процес пайда болады.

Ньeпce өнертабысы битуминозды шайырды қолдануға негізделген. Бұл - жарыққа әсер еткенде құрылымын өзгертетін сезімтал материал. Ол алғашқы фотография "терістігін" жасау үшін мыс пластинаны битумды шайырдың жұқа қабатымен қаптады. Пластинаға жарық түскен жерлерде битум қатып, жарық аймақтарды құрады, ал жарықтың бетіне түспейтін жерлерде битум жұмсақ және ерігіш болып қала берді. Осылайша ол алғашқы фотографиялық негатив кескіндемені жасап шықты.

Джозеф Нисефор Ньепсе

Джозеф Нисефор Ньепсе

Процесті дамытып, оның тиімдігін арттыруға 8 жыл уақыт кеткен. Алғаш рет Джозеф Ньепсе 1822 жылы камерасына жартылай тұрақты кескінді ала алғанымен, ол сақталмаған.  

Алғашқы фотосуретке апаратын жол қиындықсыз болған жоқ. Ол көптеген кедергіге тап болды: техника жетіспеді және материал бірде бар, бірде жоқ еді. Дегенмен оның табандылығы мен қиындықтарды жеңуге деген ұмтылысы оның өнертабыс жасап шығуына мүмкіндік берді.

Осылайша, 1826 жылы әлемдегі алғашқы фотосурет жасалды. Сол жылы камера обскурасының көмегімен Ньепсе бүгінге дейін сақталған алғашқы фотосуретті ала алды.Бұл - Францияның оңтүстік-батысындағы шағын қала Ле Грейстегі үйінің терезесінен түсірілген пейзаждың суреті болатын. Осы сурет өнер мен ғылым тарихындағы революциялық сәт болып, адамдардың қоршаған әлемді көру және сақтау тәсілін мәңгілікке өзгерткен жаңа дәуірді бастады.

Әлемдегі алғашқы фотосурет

Әлемдегі алғашқы фотосурет

Алғашқы туындыдан соң фотосурет дәуірінің таңғажайып тарихы басталды. Ол қазіргі заманғы цифрлық фотосуретті жасауға әкелген көптеген басқа өнертабыс, әдіс пен технология үшін бастапқы нүкте болды. Генри Фокс Талбот, Анри Картье-Брессон, Ансель Адамс және басқалар сияқты ұлы есімдер фотосурет өнеріне өз үлестерін қосты. Дегенмен оларға жол ашқан Джозеф Ньепсенің жасаған алғашқы қадамы еді.

Бүгінгі таңда фотосурет біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғаны рас. Суретке түсіргенді де, түскенді де жақсы көретін жандар Джозефке осы әлеммен таныстырғаны үшін алғыс айтамыз.