Bugin

Әйелді 35 жерінен пышақтап, мәйітін көлігінде сақтаған ақтөбеліктің жазасы ауырлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбеде әйелді 35 жерден пышақтап өлтірген сотталушының ісі апелляциялық тәртіпте қайта қаралды. Ол бұған дейін 11 жылға бас бостандығынан айырылса, енді жазасы қатаңдатылып, 15 жылға үкім кесілді.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында 29 жастағы сотталушының ісі қайта қаралды. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюды және Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімі 5-тармағы бойынша жаңа айыптау үкімін шығаруды сұраған прокурордың апелляциялық өтінішхаты негізге алынды. Сот алқасы жинақталған дәлелдемелерді зерделеп, "сотталушының іс-әрекеті аса қатыгездікпен адам өлтіру ретінде қайта саралауға жатады" деген тұжырымға келді.
"Сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін жариялады. 29 жастағы ақтөбелік аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленуші өкілінің пайдасына 8 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді. Апелляциялық үкім заңды күшіне енді", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, қылмыстық оқиға биыл болды. 1976 жылғы ақтөбелік әйел 23 ақпан күні жұмысқа шығып, үйіне қайтпаған.

Полиция іздеу жұмыстарынан соң 29 жастағы күдіктіні ұстады. Ол әйелді өлтіріп, денесін екі күн бойы көлігінің жүксалғышында сақтаған.