Bugin
Алматыда фитнес жаттықтырушыны атып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр. Күдіктінің кім екені белгілі болса да, әлі табылмаған.
Болжам бойынша, оның өліміне танысымен арадағы жанжал себеп болған. 28 жасында қайтыс болған Дамир Төребаев бокстан және жүзуден спорт шеберіне үміткер деген атағы бар. 2 жылдан бері осы Алматыда фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істеген.
Әйелімен ажырасқан, 7 жастағы бір баласы бар.
"Өте қарапайым. Ақкөңіл жігіт. Әрдайым көмектесуге дайын болатын жігіттердің бірі. Ішімдік ішпейтін, темекі шекпейтін", - дейді фитнес-жаттықтырушы Азамат Оразбайұлы.
Еске салайық, Дамир Төребаевтың мәйіті жексенбіден дүйсенбіге қараған түні пәтерінен табылған. Қазір полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, яғни "Адам өлтіру" бойынша тергеу жүргізіп жатыр.