Bugin

Димаш Құдайберген Денис Тенге арнап жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм досы Денис Тен туралы жазды.

“Жаның жәннатта болсы, досым. Өзіңсіз өткен бес жыл… Еліміз үшін жасаған ерліктеріңді ешқашан ұмытпаймыз”, – делінген жазбада.

Димаш Құдайберген жантебірентерлік жазбасымен желі қолданушыларының да көңілін босатты.

“Жадымыздасың, Денис”, “Бес жыл өтіп кеткеніне сене алар емеспін”, Өте өкінішті, жүрегіміздесің”, – деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, Денис Тен 2018 жылғы 19 шілдеде Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелері қиылысында көлік ұрыларымен қақтығыс кезінде қаза болды. 21 шілдеде қазақстандықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды.