Bugin
"Жетісу" мен "Бәйтерек" футбол командаларының бұрынғы қорғаушысы Әлібек Батырбеков көлік апатынан қаза тапты.
Сондай-ақ апаттан бір қыз қайтыс болды. 18 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.
Оқиға 18 шілде күні кешке Алматы-Талдықорған тас жолында болған. Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі жол жиегіндегі темірге соғылған, содан кейін темір конструкция көлікті тесіп өткен. Алматы облысы полиция басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
“26 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 109 шақырымында келе жатып, рөлді басқара алмай, жол жиегіндегі темірге соғылған. Бұл дерек Қонаев атындағы ПБ-де Қылымыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі экс-футболшы Батырбековтың қайтыс болғанын растап, әлеуметтік желіде спортшының отбасы мен жақындарына көңіл айтады.
Көлік ішінде 3 адам болған. Олар 26 жастағы жүргізуші Әлібек Батырбеков пен 18 және 13 жастағы қыздар.
Аман қалған 13 жастағы қыз қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.