Bugin

Өмір бойына берілетін әлеуметтік төлемді кімдер алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өмір бойына берілетін төлемді тағайындау кезінде талап етілетін спортшының еңбек өтілі өзгереді.

Қазір ол 20 жыл болса, енді бұл мерзім 10 жылға дейін қысқарады.

«Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамада олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері және олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары мен олардың жаттықтырушылары үшін өмір бойы ай сайынғы төлем беру көзделген. Сонымен қатар, спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына қойылатын талаптардың бірі - 20 жылдық еңбек өтілі. Алайда, талаптарды нақтылау мақсатында ҚР азаматтары саналатын спортшылар мен олардың жаттықтырушылары үшін еңбек өтілінің барлық кезеңі Қазақстан аумағында есептелген болуы тиіс деген толықтыру енгізу қажет» делінген Мәдениет және спорт министрлігі жарияланған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.

Сонымен қатар, ведомство жоғары жетістікке жеткен спортшылар үшін еңбек өтілін 20 жылдан 10 жылға дейін қысқартуды ұсынып отыр.

«Қазақстандық спортшыларды ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандыру мақсатында спортшылар үшін Қазақстан аумағында дене шынықтыру және спорт саласында еңбек өтілінің болуы туралы талапты 10 жылға дейін төмендете отырып, қайта қарау ұсынылады. Сонымен қоса, спорттық нәтижелерді талдау нәтижесі шахматта жоғарыда аталған спорт түрлеріне ұқсас бәсеке өте үлкен екенін көрсетті. Осыған байланысты спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын зияткерлік спорт түрлері бойынша материалдық қамтамасыз ету Қазақстанның зияткер ұлтын қалыптастыруға ынталандырады», - делінген Асхат Оралов жетекшілік етіп отырған ведоствоның мәселелері көрсетілген реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.