Bugin

Түркістандағы жантүршігерлік жол апатында жас жігіт бірнеше адамды құтқарып қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Созақтық азамат жантүршігерлік жол апатында ерлік көрсетті. Ол өртеніп жатқан көлік ішінен үш адамды аман алып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Түркістан" арнасына сілтеме жасап.

Бақытжан Көксубай 17 шілде күні Екпінді-Созақ тас жолында болған ірі көлік апатын бастан кешірді. Ол сол күнгі апаттан ауыр жарақат алған.

Фото: "Түркістан"

Фото: "Түркістан"

Жас жігіт дәл сол уақытта бүгінде қаңқасы қалған көліктің ішінде болған. Жол апаты кезінде жанған көлік ішінен сыртқа терезе арқылы шыққан. Есеңгіреп қалған жігіт жанып жатқан көлік ішінен, әлсіреп жатқан балаларды көрдім дейді. Дереу қызыл жалынның арасына кіріп, 3 адамды қауіпсіз жерге шығарған.

Бақытжан 9 адамның өмірін жалмаған апат кезінде автокөлік ішінде қысылып қалған 2 бүлдіршін қыз бен 1 ауылдас досын алып шыққан. 

"Мен ұйықтап жатқан едім. Апат кезінде машина өз күшімен лақтырып жіберді. Терезеден шықтым. Жаныма қарасам, жолдас балам жатыр екен. Көзі ашық. Соны қолтығынан демеп, жедел жәрдем көлігіне апардым. Кейін бір оқушы қыз қалтырап, жүре алмай тұр екен. Оны да апарып тастадым. Спринтердің ішіне кірсем, екі кішкентай бала жатыр екен. Оларды алып шықтым. Басқа машиналардың ішін қарап шықтым. Қолым, шашым күйді", - дейді Бақытжан. 

Ал әкесі Марат Нұрхалықов болса ұлының жасағанын ерлік деп санамайды. Кез-келген азамат осындай қадамға баруы тиіс дейді. Бірақ әркез жақсылық жасаудан жалықпа деп ескертіп отыратынында жасырмады.

Қазіргі таңда оқиғадан зардап шеккен 14 азамат ауруханада. Ажалдан аман алып қалған Бақытжанға зардап шеккендердің ата-ана, бауырлары рахметін айтуда.

Дәл осы оқиғаны естіген Қыземшек елдімекенінің ауыл әкімі жерлесінің жігеріне тәнті болған. Бүгін арнайы ауылдың белсенді азаматтарын жинап, батыл жігітке, рахметін айтып, Алғыс хатын табысыстады.

Еске салайық, 17 шілде Түркістан облысындағы Екпінді-Созақ тас жолында үш көлік соқтығысып, жол апатынан 10 адам қаза тауып, 15 адам ауруханаға жеткізілген болатын.