Bugin

Өз халқын "жалқау" деген Жаппаровтың басы дауға қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан тұрғыны Аида Сасыбаева ел президенті Садыр Жапаровтың қырғыздарды "жалқау" деп атағанына наразылық білдірді.

Қырғызстандық бұл туралы әлеуметтік желіде жазды. Оның сөзінше, президент көлік министрлігіне арнайы техниканы тапсыру кезінде қырғыз халқының қадір-қасиетін төмендеткен.

"Бұл менің ұлттық қадір-қасиетіме нұқсан келтіреді және мен сізден кешірім сұрауыңызды талап етпекпін. Сіз өз мәлімдемеңіз арқылы елімнің және халқымның беделдін түсірдіңіз. Осындай қорлайтын сипаттаманың арқасында басқа елдерде біз туралы жағымсыз пікір қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай сыңаржақ көзқарастар балаларға теріс әсер етеді, балалардың өздері, ата-аналары, туыстары және бүкіл ұлт туралы түсініктерін бұрмалайды", - деп жазды пост авторы.

Аида Сасыбаева президент "есін жиып, көпшілік алдында кешірім сұрайды" деген үмітін білдірді.

"Әйтпесе, мен барлық әлеуметтік желілерде флешмоб жариялауға мәжбүр боламын. Бұл акцияға жеткілікті адамдар қосылған кезде, біз ереуілге шығатын күнді белгілейміз", - деді ол.

Оның айтуынша, ереуілдің сипаты саяси болмайды.