Bugin

Түркістан облысында ер адам мен жедел жәрдем жүргізушісі төбелесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Леңгір қаласында Volkswagen Passat автокөлігінің басқарушысы медициналық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған.  

Оқиға орнында болған полицейлер, ер адамның шақырту бойынша кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермегенін анықтады. Нәтижесінде екеуінің арасында жанжал туындап, салдарынан жедел жәрдем қызметкері дене жарақатын алған.

 Volkswagen Passat жүргізушісі медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның жеңіл дәрежелі мас күйі расталды.

Бұзақылық әрекеттері мен дене жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тергеу барысында жедел жәрдем жүргізушісі ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы қарсы арыз түсірген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61